Тойота Азиада-2011 Ойындарының негізгі демеушісі болуға ниеттеніп отыр

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - «Toyota»  жапондық автомобиль жасаушы компаниясы Азиада-2011 Ойындарының негізгі демеушісі болуға әрекет етуде,

Тойота Азиада-2011 Ойындарының негізгі демеушісі болуға ниеттеніп отыр

 деп хабарлайды ҚазАқпарат VII қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде алдағы Азиадаға даярлық аясында Алматыда өткен семинар-таныстырылымда ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясының вице-президенті Серік Құлмырзаев мәлім етті.

Бұл семинар-таныстырылым кәсіпкерлер үшін арнайы ұйымдастырылды және ұйымдастыру комитеті мен қазақстандық және халықаралық іскер топтары арасында тиімді және әріптестік қатынастар орнатуға бағытталған.