Toyota-дан тағы да ақау шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық автокөлік шығарушы ірі компания Toyota 20 мың автокөлікті кері қайтарып алуда, деп жазады ИТАР-ТАСС. Кері қайтарып алудың себебі жанармай ағып кету қаупі болған.
Бұл ақаулы автомобильдердің қатарында 2014 жылғы Camry, Highlander, Sienna, Avalon модельдері мен 2015 жылғы Lexus RX моделі бар. Кері қайтарылатын көліктер Toyota-ның АҚШ-тағы және Канададағы зауыттарында шығарылған. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Корея, Ресей, Австралия, Азия елдері мен Таяу Шығыс елдеріне таратылған.