Toyota дүниежүзіндегі 270 мың автокөлігін кейін қайтарып алуда

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі Toyota Motor автоконцерні өз автокөліктерін жаппай кейін қайтарып алатыны туралы мәлім етті. Олардың қатарында белгілі Crown модельдері мен Lexus люкстік брендінің жеті моделі де бар. Осы жолы жапондық көлік өндіруші осы уақытқа дейін сатылып кеткен 270 мың көлігін қайтарып алмақ. Оның 180 мыңы Жапониядан тысқары жерлерге өткізілген, деп хабарлайды РБК.
None
None

Мұндай шешімге келуге қозғалтқыштағы көліктің жүрісі кезінде оны сөндіріп тастайтын ақауы болғандығынан, деп түсіндіреді Toyota Motor өкілі Хидеаки Хомма.

Жапондық автоалыптың беделі соңғы 1,5 жылда біраз түсіп қалды. Сатылған көліктердің көбінен біршама өндірістіңк ақаулар табылған соң қайта жөндеуден өткізу үшін шамамен 8 млн. көлік қайтарылып алынды.

Көліктердің елеулі бөлігі американдық рыноктың кері қайтарылып алынды. Туындаған проблемаларға дер кезінде шара қолданбағаны үшін американдық реттеушілер компанияға 16,4 млн. доллар айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар