«Toyota» қауіпсіздік талаптарын ескермегені үшін 1,2 млрд. доллар айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық «Toyota» компаниясы АҚШ тарихындағы ең ірі айыппұлдардың бірін төлейтін болады.
None
None

Атап айтқанда, «Toyota» және «Lexus» автокөліктеріндегі қауіпсіздік стандарттары сақталмағандығы жөнінде американдық үкіметпен сот тартысын реттеу аясында 1,2 млрд. доллар көлемінде қаржы аударылмақ.

Осы мәселе бойынша тергеу амалдары 2009 жылы АҚШ-та «Toyota» автокөліктерін кері қайтарып алу фактілеріне байланысты басталған еді. Ол кезде компанияға жеке және ұжымдық соттық талап-арыздар түскен болатын.

10 милионнан астам автокөлік тежеуіш проблемалары кесірінен қайтарылды.

ВВС-дің жазуынша, жапондық көлік өндіруші 2009-2010 жылдары өздерінің автокөліктерінде қауіпсіздік жүйесі проблемалары туралы реттеушілерді жаңылыстырғандығын мойындады.

Соңғы жаңалықтар