Toyota кезекті рет автокөліктерді кері қайтаратынын жариялады
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі автокөлік шығарушы Toyota Motor Corp. Жапониядағы 1,2 млн, өзге елдердегі 140 мың автокөлікті кері қайтарады,
деп жабарлайды BBC орыс қызметі.
BBC жазғандай, кері қайтарудың себебі «жанар майдың ағып кету қаупі» болған.
Жапондық алып компания 2009 жылдың соңынан бастап әртүрлі ақаулардың кесірінен 10 миллионнан астам автокөлікті қайтарып алуға мәжбүр болғанын еске саламыз.