«Toyota» компаниясы 2 миллионға жуық «Prius» маркалы автокөлігін қайтарып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Toyota» компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудегі қателік салдарынан әлем бойынша 1,9 млн. «Prius» маркалы автокөліктерін қайтарып шақыртуда.

«Toyota» компаниясы 2 миллионға жуық «Prius» маркалы автокөлігін қайтарып жатыр

Атап айтқанда, «Prius» көліктерінің 997 мыңы Жапониядан, 713 мыңы Солтүстік Америкадан, 130 мыңы Еуропадан, ал қалғандары Азия, Таяу Шығыс және өзге өңірлерден кері қайтарылады.

Белгілі болғандай, 2009 жылдың наурызы мен 2014 жылдың ақпаны аралығында шығарылған көліктер тексеруден өтпек.

Компания өкілдері осы күнге дейін бағдарламалық қамтамасыз ету салдарынан апаттар болмағанын атап өтуде.

2009 жылдан бері түрлі проблемалар себебімен «Toyota» компаниясы жалпы 14 миллионнан астам автокөлікті қайтарып алды.