10:54, 22 Қазан 2015 | GMT +5
«Toyota» сатылған 6,5 млн автомобильді кері қайтармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Toyota Motor» автоконцерні техникалық ақауға байланысты әлем бойынша 6,5 миллион көлікті кері қайтаратынын мәлімдеді, деп хабарлады Bloomberg.

Кері қайтарылатын көліктер қатарына 2005 - 2010 жылдары шыққан Toyota Vitz, 2005-2010 жылдары шыққан Ractis, 2005-2010 жылдары шыққан Belta, 2008-2010 жылдары шыққан Auris, 2008-2009 жылдары шыққан Corolla Rumion және 2008-2010 жылдары шыққан Ist жатады. Кері қайтаруға есіктердегі терезені автоматты түрде көтеру қосқышындағы майдың жеткіліксіздігі себеп болған.