Toyota сатылған көліктері бойынша әлемде тағы да көшбасшы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониялық автоконцерн Toyota Motor Corp сатылған автомобиль сандары бойынша әлі де көш басында тұр, деп хабарлады ТАСС.
Концерннің ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сатқан есебі осының дәлелі. Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бері Toyota әлем бойынша 7 млн 615 мың көлік сатқан. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға артық. Германиялық Volkswagen AG корпорациясы 7 млн 540 мың автомобиль сатып, екінші орында тұр. Американдық автогигант General Motors үшінші орынға жайғасқан. Ол 7 млн 372 мың көлік сатқан.
Жапониялық Toyota автоконцерні көлік сату бойынша 2012 жылдан бері көш басында келеді.