13:04, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Toyota тағы да 51 мың жүк көлігін қайтарып алуда
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Toyota Motor Corp. жапон корпорациясы 51 мыңға тарта Toyota Tundra маркалы жүк көліктерін іске жарамсыз бөлшектері болуы мүмкін кардан білігі диагностикасы үшін қайтарып алуда.

Бұл жөнінде американдық БАҚ АҚШ-тағы автоконцерн өкілеттігінің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Утро.ru.
Сатылған автокөліктердің 0,5 пайызында кардандық вал сырғымалы айырының ақауы болуы мүмкін. Бүгінге дейін бұл бөлшектің сынғаны туралы бір жағдай тіркелген. Осы ақаудың кесірінен апатқа ұшырап немесе жарақат алғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Қайтарып алуға аталған маркалы көліктердің 2011 жылғы шығарылымы жатады. Аталмыш көліктердің иелеріне мамыр айынан бастап диагностика қажеттілігі жөнінде хабарландыру жіберілетін болады.