Тойшыл қазаққа асаба мен әртісті тауып беретін «ToiDriver» қосымшасы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үйден шықпай-ақ өзiң қалаған бағаға тамада мен әртiс табуға мүмкiндiк беретiн ToiDriver бағдарламасы пайда болды.

Тойшыл қазаққа асаба мен әртісті тауып беретін «ToiDriver» қосымшасы жасалды

«Бұл жобаны Думан есiмдi серiктесiммен бiрге жасап шығардық. Жалпы, менiң ойымша, той иесi ақша төлей отырып, неге әртiстер мен ұйымдастырушыларды өзi iздеуi керек? Керiсiнше, әртiстер мен тамадалар оны iздеуi керек. Яғни, той иесi қолда бар ақшасын көрсетсе жеткiлiктi емес пе!? Мiне, бiз ойлап тапқан мобильдiк қосымша осыған мүмкiндiк бередi. Бұл мобильдi қосымшаны той иесi ұялы телефонына көшiрiп алып, тiркеледi. Қосымшаның екi функциясы бар: бiрiншiден, тiркелiп, қай қалада екенiн, қандай мереке екенiн жазып, өз бағасын қояды. Оның жазбасы push арқылы ToiDriver-да тiркелiп, өзiнiң қызметтерiн ұсынған әртiстер мен тамадаларға тарайды. Осылайша, әртiс не ұйымдастырушы тапсырыс берушiге өзi хабарласады. Екiншi функциясы - той иесi бағдарламаға кiрiп, қажеттi параметрлердi жазса, жеткiлiктi. Ешқандай делдалсыз сол күнi кестесi бос әртiс не тамаданың байланыс телефондары, анкетасы шығады. Тапсырыс берушi арасынан бiреуiн таңдап мерекесiн өткiзе бередi», - дейдi жоба авторының бiрi Жандос. 

Бұл бағдарламаның сайты да бiр-екi аптада жұмысын бастайды екен. Осылайша, ToiDriver - кез келген мерекелiк шараны делдалсыз ұйымдастыруға көмектесетiн ТМД елдерiнiң арасындағы ең алғашқы мобильдi қосымша болмақ.

Жандостың айтуынша, жоба «Болашақ» бағдарламасымен оқыған түлектердiң жемiсi және бұл ұзақ мерзiмдi бизнес-жоба. Бағдарламаны IOS және Android операциялық жүйелерiнен тегiн көшiрiп алуға болады. 

«Бағдарламаның қызметiн пайдаланатын тапсырыс берушiлер, яғни, кез келген той иесi жазбасы үшiн немесе әртiстiң телефонын алу үшiн мүлдем ақша төлемейдi. Яғни, халық үшiн бәрi тегiн. Ал, бағдарламаға қызметтерiн орналастыратын әртiстер үшiн бiр жылдан соң ақы енгiзуiмiз мүмкiн, оның өзiнде 400-500 теңге көлемiнде. Болашақта жалған тапсырыс берушiлер көбейiп кетсе, бәлкiм 20-30 теңге көлемiнде мiндеттi жарна енгiзуiмiз мүмкiн», - дейдi Жандос Тұрсымбаев.

Осылайша, ендi тойшыл қазақ кез келген тойына сән беретiн асаба,  әншi, әртiстi,  бишi, фото-видео операторды, сиқыршылар мен өзге де қызмет иелерiн үйiнен шықпай-ақ өзi қалаған бағаға таба алады.

null null