«Төзімділік ? әлем мәдениетіне бастар жол» байқауында жоғары бағаланған суреттердің көрмесі ашылады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда қаңтардың 15-і күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының ғимаратында «Төзімділік - әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер көрмесі ашылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш байқау 2008 жылы қыркүйектің 1-і мен қарашаның 1-і аралығында өткізілген болатын. Оны өткізудегі негізгі мақсат ? балалар мен жасөсіпірімдер бойында мәдени, рухани, діни біліктілікті, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, өзге адамдарға қатысты төзімділік пен өзара сыйластықты, әлем мәдениетін танып-білуге ұмтылысты қалыптастыру. Байқауға республикамыздың барлық аймағынан 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. Балалардың қолынан шыққан туындыларды суретшілерден, өнер зерттеушілерінен және халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған комиссия бағалап, қорытындылады. Байқауға түскен суреттер негізінен көркемдік тұрғысынан бағаланды. Соның ішінде балалардың көркемдік бейнелеу айшықтығы, өзгешелігі және орындалу шеберлігі, тақырыпты пластикалық құралдармен аша білу шеберліктері басты назарда болды.Тұсаукесер көрмеге 54 үздік жұмыс қойылатын болады. Байқау қорытындысы бойынша 9 жеңімпазға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі, ал 45 бала түрлі аталымдар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады.
Соңғы жаңалықтар