TRACECA жаңа бас хатшысы: Авиациялық логистиканы дамытуға басымдық береміз
АСТАНА. KAZINFORM – TRACECA Үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысында ұйымның жаңа Бас хатшысы ретінде Өзбекстан көлік министрінің орынбасары Жасурбек Чориев таныстырылды.
Жиында сөз сөйлеген ол TRACECA-ның халықаралық көлік дәлізін дамытудағы әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
– TRACECA алдында атқарылатын жұмыс көп. Ең бастысы – барлық мүше мемлекеттердің тең дәрежедегі қолдауы қажет. TRACECA-ның әлемдік аренада өзін танытып, осы дәлізді дамыту бойынша жетекші ұйымдардың біріне айналуға зор әлеуеті бар. Сонымен қатар Іскерлік кеңес пен жеке сектор өкілдерінің ұйым жұмысына белсенді қатысуы оның әрі қарай дамуы үшін аса маңызды, - деді Жасурбек Чориев.
Сондай-ақ жаңа Бас хатшы авиациялық логистиканы дамытуға ерекше назар аударатынын айтты.
– Көптеген әріптесім авиацияның маңызды рөл атқаратынын айтты. Меніңше, бұл бағыт осы уақытқа дейін жеткілікті деңгейде назардан тыс қалып келді. Сондықтан авиациялық логистиканы дамытуға басымдық беремін. Авиация – логистиканың қозғаушы күші. Әуе көлігі жүйесін жаңа дәліздің логистикалық құрылымына интеграциялау оның дамуына тың серпін береді, - деді ол.
Бұған дейін Дүниежүзілік банк Орта дәлізге 7,6 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.