Трамп Ақ үйден Обама мен Буштардың портреттерін көзден таса жерге ауыстырды

АСТАНА. KAZINFORM –  АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың портретін басқа жерге ауыстыруға бұйрық берді, деп хабарлайды CNN.

Трамп Ақ үйден Обама мен Буштардың портреттерін көзден таса жерге ауыстырды
Фото: Facebook/@Terrence K Williams

Хабарламаға сәйкес, кіші Джордж Буш пен оның әкесі Джордж Буштің портреттері де орын ауыстырған. CNN дерегінше, Трамп Обаманың портретін Ақ үйдің баспалдақтарының жоғарғы алаңына көшіруді тапсырған. Енді ол күн сайын Ақ үйге келетін мыңдаған келушінің көзінен таса жерде тұр. Екі Буштың да портреті осы баспалдақ аймағында орналасқан.

Көптеген дереккөз президенттің Ақ үйдің эстетикасына қатысты іс жүзінде барлық мәселеге тікелей араласатынын айтады.

CNN атап өткендей, бұл Обаманың портретінің орны ауысқан алғашқы жағдай емес. Сәуір айында ол Ақ үйдің кіреберіс вестибюлінің (Grand Foyer) қарама-қарсы жағына ауыстырылған. Оның орнына Пенсильвания штатының Батлер қаласында өткен сайлауалды митинг кезінде Трампқа жасалған қастандық әрекетін бейнелейтін картина ілінген.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы 2016 жылғы президенттік сайлауда алаяқтық жасады деп айыптаған еді

Соңғы жаңалықтар