Трамп АҚШ пен Қытайдың тығыз ынтымақтасатынын мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы келісім жасалғанын растады. Бұл келісімге АҚШ пен Қытай көшбасшыларының соңғы мақұлдауы қажет, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

– Си Цзиньпин екеуіміз Қытайды америкалық сауда үшін ашу мақсатында тығыз ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Бұл екі ел үшін де үлкен жеңіс болар еді, – деп жазды Дональд Трамп Truth Social желісінде.
АҚШ президенті «Қытаймен жасалған келісіміміз аяқталды, енді ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен менің соңғы мақұлдауыма жатады» деп растады.
АҚШ президентінің айтуынша, Қытай сауда келісімі аясында сирек кездесетін металдарды АҚШ-қа алдын ала жеткізетін болады.
Әлемнің ең ірі екі экономикасы арасындағы қарым-қатынастар «керемет» деп атап өтті Трамп Truth Social-дағы жазбасында. Ол «Біз кедендік алымдардың 55 пайызын аламыз, Қытай – 10 пайызын» деп қосты деп атап өтті.
АҚШ белгілі бір жеңілдіктерге барады – мысалы, қытайлық студенттерге америкалық колледждер мен университеттерде оқуға рұқсат береді.
Бұған дейін Лондонда өткен екі күндік келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Қытай өкілдері Женева сауда келісімін жүзеге асырудың негіздерін келіскені хабарланған болатын.