Трамп АҚШ-та туу арқылы азаматтық алу құқығын жойғысы келетінін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп елде туу арқылы азаматтық беру тәжірибесінен бас тарту ниетін мәлімдеді, деп хабарлайды Report.
— Менің ойымша, туу арқылы азаматтық берілетін әлемдегі жалғыз ел — біз. Біз бұл тәжірибені тоқтатамыз, — деді Трамп.
Бұған дейін Трамп туу арқылы азаматтық алу қағидатын шектеуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойған болатын. Президент әкімшілігінің өкілі Стивен Миллердің айтуынша, олардың бірі «босану туризмі» деп аталатын тәжірибеге тыйым салуға қатысты.
Айта кетейік, АҚШ жаңа визалық кепіл бағдарламасын енгізіп жатыр, оған сәйкес иммиграциялық визаға кейбір өтініш берушілер 100 мыңнан 250 мың долларға дейінгі көлемде депозит салуы тиіс.