Трамп АҚШ-тың экс-президенті Палестинаға аударып жіберген ақшаны тоқтатып қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дональд Трамптың Әкімшілігі Барак Обама өзінің президенттік қызметтегі соңғы сағаттарында Палестинаға аударып жіберген ақшаны тоқтатып қойғанын мәлім етті.
Бұл туралы Палестинадағы жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап The Times of Israel хабарлады.
Басылым сұхбаттасының айтуынша, АҚШ өкілдері сейсенбі күні Палестинаның премьер-министрі Рами Хамдаллуға қаражат алдағы таяу уақытта аударылмайтындығын мәлім еткен, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.
Мемлекеттік департамент бұрынғы әкімшілікпен қабылданған шешімді қайта қарап, Трамп әкімшілігінің басымдықтарына сәйкес түзету енгізуі мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай , Барак Обаманың Әкімшілігі өз жұмыстарының соңғы сағаттарында Палестинаға 221 млн долларды аударып жіберді. Транштың жүзеге асырылатындығын Конгреске 20 қаңтарда, Дональд Трамптың инаугурациясы күні хабардар етілген. Республикалық партия өкілдері бұл ақшаның аударылуына бірнеше мәрте қарсылықтарын білдірген болатын.