Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп АҚШ-тың Кубаға қатысты саясатын қайта қарамақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Кубаға қатысты саясатын қайта қарайтын болды. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Шон Спайсер мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Трамп АҚШ-тың Кубаға қатысты саясатын қайта қарамақшы

Оның айтуынша, президент Трамп үшін әлемде адам құқығын қорғау мәселесі маңызды болып саналады. «Сондықтан жаңа әкімшілік Кубамен қарым-қатынас жасау барысында бұл мәселе алдыңғы қатарға шығады», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік Құрама Шттардың бұрынғы президенті Барак Обама 2014 жылдан бастап аралда мемлекетпен қатынасты жақсартуды қолға алған. 2015 жылы Вашингтон мен Гавана елшілігін ашады.

Сондай-ақ бірқатар шектеу алынып, америкалық кәсіпкерлерге бизнеспен айналысуға, рұқсат етіледі. Бірақ Кубаға салынған эмбарго толық алынбаған болатын. Оны тек Конгресс алып тастай алады.