Трамп бірден бес штатта өткен бастапқы сайлауда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенттігіне үміткер миллиардер Дональд Трамп сейсенбі күні бастақы сайлау (праймериз) өтіп жатқан барлық бес штат: Коннектикут, Делавэр, Мэриленд, Пенсильвания және Род-Айлендте жеңіске жетті. Бұл туралы CNN және MSNBC телеарналары хабарлады, деп жазды russian.rt.
Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп әрбір штатта 50 пайыздан астам дауыс жинаған.
Сейсенбі күні праймериз қорытындылары бойынша, 18-21 шілде күндері республикашылдардың Квивлендте (Огайо штаты) өтетін съезіне қатысатын 172 делегаттың дауысы үлестірілуі тиіс. Бұл съезде қараша айында президенттік сайлауға партияның атынан ресми кандидат кім болатыны шешіледі.