Трамп Дженсен Хуангтың орнына NVIDIA басшысы қызметіне Тим Кукты ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп NVIDIA компаниясының бас директоры қызметінен кеткен Дженсен Хуангтың орнына Apple компаниясының бұрынғы басшысы Тим Кукты ұсынды. Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Трамп Дженсен Хуангтың орнына NVIDIA басшысы қызметіне Тим Кукты ұсынды
Фото: ЖИ

– NVIDIA бас директоры, тамаша жұмыс атқарған Дженсен Хуанг қызметінен кеткеннен кейін оның орнын басатын бір ғана адам бар – Apple компаниясының басшысы Тим Кук. Аңыздың орнын аңыз басады! – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, NVIDIA компаниясы 12 қарашада Дженсен Хуангтың президент және бас директор қызметінен кеткенін, сондай-ақ Директорлар кеңесінің құрамынан шыққанын хабарлады. Компанияның қаржы директоры Колетт Кресс уақытша бас директор болып тағайындалды. Қазір Директорлар кеңесі компанияның ішінен де, сырттан да тұрақты басшы іздестіріп жатыр.

Бұған дейін Тим Куктың 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Apple компаниясы Директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы қызметіне ауысатыны хабарланған еді. Ал оның орнына компанияның аппараттық қамтамасыз ету жөніндегі аға вице-президенті Джон Тернус бас директор болып тағайындалуы жоспарланған.

qazinform.com