Трамп Головкин - Джейкобс айқасына бармайды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - АҚШ президенті Дональд Трамп 18 наурызда «Мэдисон Сквер Гарденде» өтетін Геннадий Головкин  мен Дэниэл  Джейкобстың жекпе-жегіне баруды жоспарлап отырған жоқ,  деп хабарлады Sports.kz.

Трамп   Головкин - Джейкобс айқасына бармайды

Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер SB Nation Radio эфирінде айтты.

«Жоқ, жоқ, бұл жолы ол келмейді», - деп күліп жауап берді  Леффлер Ақ үй басшысы келуі мүмкін бе деген сұраққа.   

Еске салсақ, бұдан бұрын ел президенттігіне үміткер кезінде  Дональд Трамп   «Гарденде» өткен Геннадийдің екі айқасына барған. Ол Давид  Лемьемен жекпе-жек алдында Головкинмен киім ауыстыратын бөлмеде жолығып,  сәттілік тілеген.