Трамп Харрис екеуінің арасында өтетін пікірталастан бас тартты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасының 24 немесе 27 қазанда пікірталас өткізу ұсынысынан бас тартты.
«Процесс шектен шығып кетті, дауыс беру басталды – рематч болмайды!», – деп жазды Д.Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Д.Трамп сондай-ақ бұған дейін Fox News арнасынан 4 қыркүйекте Камала Харриспен дебатқа қатысуға шақыруды қабылдағанын, бірақ қарсыласы одан бас тартқанын еске салды.
Республикалық саясаткер сауалнамада алда келе жатқанын, сондықтан қарсыласымен алшақтық күн сайын артып келе жатқанын қосып өтті. Оның пікірінше, пікірталасты қайта жалғастырудың мәні жоқ, өйткені К.Харрис АҚШ президенті Джо Байденнің саясатында ештеңе өзгертпейді. Трамп сонымен қатар оның кандидаттық серіктесі Джей Ди Вэнстің жақында өткен пікірталаста демократиялық қарсыласы Тим Уолцты «қиындықсыз жеңгенін» атап өтті.
АҚШ президенттігіне кандидаттар Камала Харрис пен Дональд Трамп қараша айындағы сайлау алдында ABC News арнасының тікелей эфирінде сайлау алдындағы алғашқы және ықтимал жалғыз теледебатын өткізді.
Кейін Дональд Трамп өзінің бәсекелесі, Демократиялық партиядан үміткер Камала Харриспен енді сайлауалды пікірталасқа қатыспайтынын мәлімдеді.
АҚШ-та келесі президент сайлауы 5 қарашаға белгіленген.