Трамп инаугурациядан кейін бірден 100-ге жуық жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациясының бірінші күнінде 100-ге жуық жарлыққа қол қоюға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Дональд Трамп
Фото: Carlos Barria

Трамп бұл құжаттар «АҚШ президенті Джо Байден жасаған көп нәрсені жоюға» бағытталғанын айтты.

Бұған дейін Трамп науқанының аға экономикалық кеңесшісі Стивен Мур жаңа мемлекет басшысы қызметке кіріскен алғашқы күнінде 50-ден 100-ге дейін жарлыққа қол қоюы мүмкін екенін, ал келесі апталарда одан да көп жарлыққа қол қоюы мүмкін екенін мәлімдеген.

Трамптың инаугурациясына дайындық қызып жатыр. Дональд Трампқа жақында жасалған қастандық әрекетін және ұлықтау рәсіміне көп қонақ келетінін ескерген АҚШ шенеуніктері тәртіпті қамтамасыз ету үшін күш салып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар