Трамп канадалықтарға ұсынысын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп канадалықтардан Америка Құрама Штаттарына 51-ші штат ретінде қосылуды сұрады. Ақ үй басшысы Truth Social платформасындағы жазбасында канадалықтарды АҚШ-қа қосылған жағдайда қандай жеңілдіктер күтіп тұрғанын егжей-тегжейлі сипаттады, деп хабарлайды Oxu.Az.

Трамп канадалықтарға ұсынысын айтты
Фото: oxu.az

— Егер Канада Америка Құрама Штаттарының 51-ші штатына айналса, салықтарыңызды екі есе қысқартуға, әскери күшіңізді тегін — әлемдегі ең жоғары деңгейге көтеруге күші мен даналығы жететін адамды сайлаңыз. Канада АҚШ-тың 51-ші штатына айналатын болса, автомобиль, болат, алюминий, ағаш, энергетикаңыз сондай-ақ басқа салалар төрт есеге көбейеді, - деп жазды Трамп. 

Президент Канада Америка Құрама Штаттарының  құрамына кірмесе, оны «жылына жүздеген миллиард доллармен субсидиялаудың» еш мәні жоқ екенін атап өтті.

Трамптың мәлімдемесі Канадада сәуірдің 28-і күні басталған кезектен тыс парламент сайлауы аясында жасалды. Дауыс беруге 16 партия қатысып жатыр, ал жеңіске жеткен саяси күштің көшбасшысы елдің жаңа премьер-министрі болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Канадада 28 сәуірде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді.

Соңғы жаңалықтар