Трамп Конгресстің мақұлдауынсыз Сопақ кабинетті өзгертуге тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің Сопақ кабинетін тарихи ескерткіш деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

Трамп Конгресстің мақұлдауынсыз Сопақ кабинетті өзгертуге тыйым салды
Фото: New York Post

Болашақ президенттер Сопақ кабинетке қандай да бір өзгеріс енгізуі үшін Конгресстің мақұлдауы керек болады.

— Бұл Сопақ кабинетке және [Ақ үйдегі] отырыс өткізетін [президент] кабинетке қатысты. Бұл өте маңызды бөлмелер. Мен олар ғасырлар бойы тарихи ескерткіш болып саналатын құжатқа қол қоямын. Құжаттарға қол қойылып, олар заңды күшіне енгеннен кейін, ешкім бұл керемет бөлмелерді бұза алмайды, — деді Трамп бейсенбі күні тілшілерге.

Трамп өзі бекіткен шараларды да Конгресс мақұлдауы керектігін нақтылады. Оның айтуынша, осыдан кейін бөлмелерге «қандай да бір маңызды өзгеріс енгізуге болмайды».

— Конгресстің мақұлдауынсыз ешқандай маңызды өзгерістер болмайды. Біз оны қазіргі күйінде қалдырамыз, — деді президент.

Трамптың тұсында Сопақ кабинеттің интерьері айтарлықтай жаңартылды, атап айтқанда алтынмен апталды.

Бұған дейін Трамп Трамп Нью-Йорктегі саябақта ат арбаларға тыйым салуға қарсы шыққан болатын.