Трамп мұнай бағасын «әдейі» төмендетіп отыр ма

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамптың әлем елдеріне сауда тарифтерін көтеру туралы бұйрығынан кейін жаһанда мұнай бағасы төмендей бастады. Тіпті, ел арасында «Трамп саясаты арқылы «қара алтын» құнын қолдан төимендетіп отыр» деген де қауесет бар. Себебі ол билікке келмес бұрын мұнай бағасын құлдырату жөнінде бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған еді.

Трамп и пошлины
Коллаж: Kazinform; Alex Wong; Pixabay

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, мұнай бағасының төмендеп немесе көтеріліп отыруы – бір ғана адамның қолындағы дүние емес.

– Әлемдік мұнай нарығындағы басты ойыншылар – Парсы шығанағындағы монархиялар, әсіресе Сауд Арабиясы рөл ойнауда. Олар қазір ОПЕК+ секілді бірлестік аясында тәртіп орнатып, барлық қатысушылардың белгіленген квоталарды сақтауына күш салып жатыр.

Трамп келіссөздер жүргізуі мүмкін, мұнай өндіру көлемін өзі де арттыра алады. Бірақ түсіну керек, мұнай бағасының тым қатты құлдырауы америкалық Chevron, Texxon секілді алып компанияларға, сонымен қатар шельфтік және тақтатас мұнайымен айналысатын Shell Oil сияқты өндірушілерге соққы болып тиеді. Сондықтан Трамп жалғыз өзі мұнай бағасын төмендетуге бағытталған саясат жүргізіп жатыр деу шындыққа жанаспайды, – деді сарапшы.

Әбішевтің сөзінше, басты мәселе басқа – АҚШ Қытаймен және жалпы әлеммен сауда соғысын жүргізіп жатыр. Бұл бүкіл жаһандық экономиканың келешегін бұлыңғыр етіп, экономикалық белсенділікті төмендетеді. Сәйкесінше, мұнайға деген сұраныс та азаяды. Соған сай мұнай бағасы түсіп жатыр.

Мұнай бағасының құлдырауы әрі қарай жалғаса бере ме, әлде бәрі уақытша процестер ме? Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге «қара алтын» құнының келешегіне қатысты байлам жасап көрген еді 

Соңғы жаңалықтар