Трамп Обаманың 70% жарлықтарының күшін жоймақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ конгресінің бұрынғы спикері Ньют Гингрич Fox News телеарнасының эфирінде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациядан кейін Обама қол қойған жарлықтардың 70 пайызын өзгертетінін мәлім етті, деп жазды Gazeta.ru.

Трамп Обаманың 70% жарлықтарының күшін жоймақ

«Меніңше, ол өзінің тағайындалуынан кейін алғашқы күндері Б.Обамадан мұраға қалған жарлықтардың 60 немесе 70 пайызының күшін жояды. Сондай-ақ, ол Демократиялық партияның бірнеше өкілімен байланыс орнатуға тырысады деп ойлаймын. Бұл республикашыларды таңғалдыруы мүмкін, бірақ осы әрекеттер Трампқа Ақ үй мен Сенаттағы жақтастарын көбейтуге септігін тигізеді», - деді Гингрич.

Оның айтуынша, Трамп «ақылды заңгерлердің» көмегімен Обаманың қайта қарауға жатпайтын жарлықтарын да жоюы мүмкін.