Трамп отбасы криптовалютаның арқасында тәулік ішінде 5 млрд долларға байыды
АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамптың World Liberty Financial отбасылық компаниясы шығарған жаңа криптовалюта осы аптада сауда-саттықты бастап, отбасының дәулеті шамамен 5 млрд долларға артты, деп хабарлайды CBS News.
CoinMarketCap мәліметінше, WLFI деп аталатын криптовалюта дүйсенбі күні шығарылғаннан кейін бағасы шамамен 40 центке жетті. Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертең токен құны түстен кейін шамамен 23 центке дейін қалпына келгенге дейін 21 центке дейін – шыңдық мәнінен 48%-ға төмендеді.
Курс төмендегенімен, Трамп отбасының WLFI-дағы үлесі шамамен 5 млрд долларды құрайды, өйткені оларда 22,5 млрд токен бар.
World Liberty Financial мәліметінше, Дональд Трамп пен оның отбасы әзірге өз активтерін сата алмайды, өйткені негізін қалаушылардың токендері бұғаттаулы күйінде қалып отыр.
WLFI – компанияның мәлімдемесіне сәйкес иелеріне World Liberty Financial басқару мәселелері бойынша дауыс беру құқығын беретін токен.
Трамп өзінің екінші мерзімінде цифрлық активті қолдап, АҚШ-ты «әлемнің криптоастанасы» етуге уәде берді.
Наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі алғашқы цифрлық активтердің мемлекеттік резервін құру туралы жарлыққа қол қойды.