Трамп өзін АҚШ тарихындағы ең еңбекқор президент деп санайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп ел президенттігіне кіріскен бес жарым ай ішінде Америка тарихындағы кез келген басқа көшбасшыларға қарағанда, әлдеқайда көп жұмыс атқарғанын мәлім етті. Ол бұл пікірін Reuters-ке берген сұхбатында білдірді, деп хабарлады Росбалт.
None
None

«Бес айда АҚШ тарихындағы кез келген дерлік президентке қарағанда, көп нәрсеге қол жеткіздім», - деді ол.

«Ирак пен Сирияға қарайтын болсаңыздар, «Ислам мемлекетімен» (ДАИШ - авт.) күресте қол жеткізілген ілгерілеуді көре аласыздар, бұл толық дерлік жетістік деуге болады», - деді Трамп.

Сондай-ақ президент қазір Ақ үйдегі көңіл-күй ерекше керемет екенін хабарлады. Өзінің еңбегінің жемісіне  сондай-ақ,  америкалық қор биржасы көрсеткіштерінің өсуін, соңғы 16 жылда АҚШ-та жұмыспен қамту мәліметтерінің жақсаруын қосып отыр.

 «Демократтар айтып жатқан бос сөздерге қарамастан, Ақ үйдің де жұмысы алға басуда», - деді ол.

Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, 20 қаңтарда мемлекет басшысы лауазымына кіріскен болатын.

Соңғы жаңалықтар