Трамп өзінің Рим Папасы бейнесіндегі суретін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Truth Social  әлеуметтік желісінде Рим Папасы бейнесіндегі суретін жариялады. 

Трамп өзінің Рим Папасы бейнесіндегі суретін жариялады
Фото: Truth Social

Суретте Дональд Трамптың алтын жалатылған тақ үстінде отырғаны бейнеленген. Үстінде ақ киімі (католик дінбасылары киетін етегі ұзын киім), басында христиан шіркеу басыларының бас киімі – митра, кеудесінде алтын крест бар. Оң қолының сұқ саусағы жоғары көтеріліп, сақина саусағында папа сақинасы тағылған көрінеді.

Бұл кадр жасанды интеллект арқылы шығарылған деп шамаланып отыр. Суретке астында ешбір мәтін жазылған жоқ.

Ақ үй Трамптың жазбасына репост жасады. https://x.com/WhiteHouse/status/1918502592335724809

Трамп бұған дейін жаңа Рим Папасы болғысы келетінін әзілдеген болатын. Бұл туралы ол тілшілермен әңгімесінде айтты. Бейнені Forbes Breaking News YouTube арнасында жариялады. 

- Мен Рим Папасы болғым келеді. Бұл менің бірінші таңдауым болар еді, - деді Трамп.

Ол понтифик лауазымына ықтимал кандидаттар арасында артықшылығы жоқ екенін қосып өтті.

Еске сала кетсек, Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамырға белгіленгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар