Трамп: Paramount Харриспен сұхбаттасу үшін 16 миллион доллар төледі

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп CBS News арнасына иелік ететін Paramount Global медиахолдингі Камала Харриспен сұхбатқа қатысты сот ісін реттеу аясында 16 млн доллар төлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды The Washington Times. 

Трамп: Paramount Харриспен сұхбаттасу үшін 16 миллион доллар төледі
Фото: imdb.com

— Біз жаңа ғана «60 минут», CBS және Paramount-қа қарсы тарихи сот процесінде ҮЛКЕН, МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ қол жеткіздік, — деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social-да.

— Бұл жалған жаңалықтар тарататын БАҚ-қа қарсы тағы бір жеңіс, біз оларды кең таралған алаяқтық пен алдау үшін жауапқа тартамыз, — деп қосты ол.

Трамп сонымен қатар Paramount-тың SkyDance медиахолдингімен жоспарланып отырған бірігуіне сілтеме жасай отырып жарнама есебінен «жаңа иелерінен» тағы 20 милн доллар алады деп күтетінін хабарлады. 

Дональд Трамп өткен жылдың соңында Демократиялық партиядан президенттікке кандидат Камала Харриспен қазан айында сұхбат бергеннен кейін «60 минут» бағдарламасы эфирге Израиль мен ХАМАС туралы бір сұраққа әртүрлі жауаптар берген сұхбаттың екі нұсқасын жариялады деп айыптап, CBS News-ті сотқа берді. Трамп мұны сайлауға араласу мақсатында көрермендерді жаңылыстыру деп түсініп, 20 млн доллар талап етті.

Ақша Трамптың болашақ президенттік кітапханасына және оның сот шығындарын өтеуге жұмсалады.