Трамп президенттік науқанға $1 млрд жиюды жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидатурасын ұсынғандардың ішінде жалғыз қалған саясаткер Дональд Трамптың сайлауалды штабы президенттік науқанға $1 млрд көлемінде қаражат жиюды жоспарлап отыр.
Бұл туралы миллиардер NBC телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, делінген таратылған хабарламада.
Трамп атап өткендей, көрсетілген соманы жинау үшін ол Республикалық ұлттық комитетпен бірлесіп жұмыс істеуі мүмкін.
"Біз $1 млрд немесе одан да көп қаражат жиюға тырысамыз", - деді республикалық. Оның сөзіне қарағанда, бұл сома демократтардың фавориті - АҚШ-тың экс-мемхатшысы Хиллари Клинтонды жеңуі үшін қажет.