Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп президенттік жарыс басталғалы тұңғыш рет ойланбай сөйлейтінін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп елдегі сайлауалды жарыс басталғалы тұңғыш рет ойланбай сөйлейтінін және соған өкінетінін ел алдында мойындады.

Трамп президенттік жарыс басталғалы тұңғыш рет ойланбай сөйлейтінін мойындады

 Бейсенбі күні Шарлотт қаласында (Солтүстік Каролина штаты) осындай мәлімдеме жасалды.

«Кейде дауласып отырғанда, қатарынан бірнеше мәселені талқылағанда дұрыс сөздер таңдамауым мүмкін немесе дұрыс жеткізбеуім мүмкін. Менде ондай жағдайлар болды, - деді миллиардер. - Сенесіздер ме, мен сол үшін өкінемін. Әсіресе, сөздеріммен біреудің жанын ауыртқан жағдайлар үшін өкінемін».

«Трамптың өз өкінішін білдіруі науқан басталғалы 14 ай бойы ешбір қателігін мойындамаған оның стратегиясындағы күтпеген бұрылыс болды», - деп жазды CNN.