Трамп: Президенттің елге адам кіргізбеуге құқығы бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, егер елге адам кіргізу - мемлекет мүддесіне қайшы келсе, президенттің оларды жібермеуге құқығы бар.
None
None

Бұл туралы ол Флоридада мәлімдеді.

«Егер президент адамдарды елге кіргізу - мемлекет үшін қауіпті екендігін сезген болса, оларды жібермеуге құқығы бар», - деп атап өтті Трамп.

Ол бұл сөзімен босқындар мен жеті елдің мұсылман азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы бұйрығын түсіндіріп өтті.

АҚШ президентінің сөзін CBS News трансляциялады. 

Соңғы жаңалықтар