Трамп Путинмен Аляскада болатын кездесуінің сәтті өтетініне 75% сенімді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен болатын кездесуінің сәтті өтетініне 75 пайызға сенімді. Бұл туралы ол Fox News Radio радиостанциясына берген сұхбаты барысында мәлімдеді, деп жазады ресейлік ТАСС.
Жүргізуші Трамптан Путинмен кездесу бекер болды деп жүрмейсіз ба және осындай қорытынды шығару қаншалықты мүмкін деп сұрады. Трамп жағдайдың бұлайша қалыптасу деңгейі 25 пайыз ғана екенін атап өтті.
-Бұл шахмат партиясы сияқты дүние, дегенмен ол екінші кездесудің сәтті өтуіне жол салады. Кездесу мүлдем пайдасыз болды деп қорытынды шығару мүмкіндігі 25 пайыз, - деді Трамп.
АҚШ президенті бұл ретте егер келіссөз сәтті өтетін болса, Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесу өтуі мүмкін екенін атап өтті.
Қазіргі таңда осы кездесуді өткізу үшін үш түрлі орын таңдалып отыр. Үшжақты кездесудің Аляскада өтуі әбден мүмкін екені айтылды.
Осыған дейін Трамп Путинмен Аляскада 15 тамызда кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Келіссөздердің өтетінін РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та растады.
Оның сөзінше, көшбасшылар Украина дағдарысын ұзақ уақытқа бейбіт реттеу мәселесін талқылайды.
Осыған дейін Путиннің Аляскадағы саммитке дайындық жөнінде кеңес өткізгені туралы жаздық.