Трамп Путинмен қашан кездеспек
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айының ортасында Трамптың Сауд Арабиясы, Қатар және БАӘ сапарынан кейін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ВВС.

- Мүмкін, бірақ олай болмайтын шығар. Менің ойымша, біз онымен содан кейін көп ұзамай кездесеміз, - деп келтірді CNN Трамптың тілшілердің «Сауд Арабиясында Путинмен кездесе ме?» деген сұрағына берген жауабын.
Бұған дейін Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамптың 2025 жылдың 13-16 мамыры аралығында Сауд Арабиясына, Қатарға және Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) баратынын айтқан болатын.
Трамптың Парсы шығанағы елдеріне сапары 13-16 мамырға жоспарланған және бұл оның президент лауазымына тағайындалғалы шетелге екінші рет жасап отырған сапары.
Осы демалыста Трамп Римге Рим Папасын жерлеу рәсіміне ұшып келеді.