Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп рейтингі рекордтық деңгейде төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі инауграцияланған сәттен бастап, ең төменгі көрсеткішке дейін құлдырады. 

Трамп рейтингі рекордтық деңгейде төмендеді

Бұл туралы Gallup компаниясының күнделікті сауалнамасында хабарланды, деп жазды Lenta.ru.

Саяси көшбасшының жұмысын сауал салынғандардың 37 пайызы қолдап, 58 пайызы наразылық білдірген. 22 қаңтар күні алғаш рет деректер жиналғанда, Трамп жұмысы туралы америкалықтардың оң және теріс пікірлері 45 пайызды құрап, тең түскен еді.

Ақпан айының аяғында NBC News және Wall Street Journal жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, тұрғындардың 44 пайызы Трамптың президент лауазымындағы қызметіне жақсы баға берді, 38 пайызы наразы күйінде қалды. Америкалықтардың үштен бір пайызы президенттің мемлекет басшысы ретіндегі міндеттерін дұрыс орындамай жүр деген пікірде.