Трамп Рождествоға дейін Газадағы бейбітшілік процесінің II кезеңі басталғанын жарияламақшы

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті жақын арада анклавты жаңаша басқару құрылымын жариялайды, деп хабарлайды Axios

Трамп намерен объявить о начале второй фазы мирного процесса по Газе до Рождества
Фото: The Hill

Басылым бейбітшілік процесінің бірінші кезеңінің негізгі элементтерінің бірі — ХАМАС кепілге алған барлық адамдарды босату — аяқталуға жақын екенін атап өтеді.

Процестің екінші кезеңі Израиль күштерін Газа секторының көп бөлігінен шығаруды, халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыруды және Трамп басқаратын Бейбітшілік кеңесін қоса алғанда, анклав үшін жаңа басқару құрылымын құруды қамтиды.

АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, халықаралық күштер мен жаңа басқару құрылымын құру процесі соңғы кезеңде. Олардың іске қосылуы екі-үш апта ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.

— Барлық элемент жақсы пысықталды. Процесс алға жылжып келеді. Мақсат — оны алдағы мерекелерге дейін жариялау, — деп хабарлады Axios.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Газа жоспарының екінші кезеңі жақында орындалатынын айтқан еді.

Газа секторының оңтүстігінде Израильдің әуе соққысынан бес палестиналық қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар