Трамп телепродюсерді Ұлыбританиядағы арнайы өкіл етіп тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM – Марк Бернетт – Трамптың өзі қатысқан «Аман қалған» (Survivor), «Шарк танк» (Shark Tank), «Дауыс» (The Voice) және «Кандидат» (The Apprentice) сияқты шоулардың авторы, деп хабарлайды Anadolu Ajansı ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Трамп
Фото: instagram.com/realdonaldtrump

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп телепродюсер Марк Бернетттің Ұлыбританияға арнайы өкіл болып тағайындалғанын жария етті. 

Бұл туралы Ақ үйдің жаңа басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Телевизия өндірісі мен бизнесте көрнекті мансап құрған Марк дипломатиялық қырағылық пен халықаралық танудың бірегей үйлесімін әкеледі», - деп жазды саясаткер. 

Марк Бернетт бұған дейін салаға қосқан үлесі үшін 13 Emmy сыйлығының иегері Metro-Goldwyn-Mayer (MGM) компаниясын басқарған.

Бұған дейін Дональд Трамп президенттіктің тізгінін ұстай сала АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығаруды көздеп отырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар