Трамп Тэмми Брюсті АҚШ-тың БҰҰ жанындағы орынбасар тұрақты өкілі қызметіне ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Тэмми Брюсті АҚШ-тың БҰҰ жанындағы орынбасар тұрақты өкілі лауазымына үміткер ретінде ұсынды, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы ол Truth Social желісінде жариялады.
— Мен Тэмми Брюсті — көрнекті патриот, теледидардан танымал тұлға және бестселлер авторын — БҰҰ жанындағы АҚШ-тың келесі орынбасар тұрақты өкілі қызметіне елші дәрежесінде ұсынып отырғанымды қуана хабарлаймын, — деп жазды Трамп.
Тэмми Брюс Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметін 2025 жылдың қаңтарынан бастап басқарып келеді.
Бұған дейін, 2025 жылдың мамыр айында, Трамп өзінің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцты АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметіне ұсынған болатын. Алайда Fox News арнасының хабарлауынша, Уолтцтың айналасындағы Signal мессенджеріндегі жанжал — жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан чатқа The Atlantic журналының бас редакторы Джеффри Голдбергтің қате қосылуы — оның шеттетілуіне себеп болған.
Дегенмен, шілде айының соңында АҚШ Конгресі Сенатының Сыртқы істер жөніндегі комитеті Уолтцтың кандидатурасын қолдап, оны БҰҰ-дағы тұрақты өкіл лауазымына тағайындауды ұсынды.
Бұдан бұрын Kazinform агенттігінің халықаралық шолушысы Трамптың баж салығы жаһандық нарыққа қаншалықты қауіп төндіретінін зерделеп көрді.