Трамп Twitter парақшасында ең қысқа хабарлама жариялады

АСТАНА.ҚазАқпарат - АҚШ Президенті  Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында ең қысқа хабарлама жариялады.  

Трамп Twitter парақшасында ең қысқа хабарлама жариялады

Оның «Біз» (We) деп жазғанына оқырмандары бірден назар аударды. Жазба жойылғаннан кейін де желі қолданушылары оның көшірмесін белсенді  түрде таратып, түрлі әзіл әңгімелер құрастырды.

Небәрі бірнеше минутта Трамптың жазбасын мың жарым адам оқып үлгерді. Кейбір желі тұтынушылары Трамп «Біз  ауыр жағдайға ұшырадық» деп жазғысы келді деп жорамалдады.