Трамп үшінші мәрте президент сайланғысы келетінін жасырмады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп келесі сайлауға қатысқысы келетінін, бірақ президенттік мерзімге қойылған конституциялық шектеуді мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.
АҚШ президенті The Washington Post газетінің «Pod Force One» подкасына қатысты. Подкаста тағы бір президенттік мерзімге үміткер болғысы келетінін мәлімдеді.
— Мүмкіндік болса, қайтадан үміткер болар едім, бірақ ереже өте қатаң, — деді Трамп АҚШ Конституциясына сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, АҚШ Конституциясына енгізілген 22-түзетуге сәйкес, ешкім екі мерзімнен артық ел президенті бола алмайды.
Трамп үшінші мәрте президент болғысы келетінін бұған дейін де білдірген болатын.