Трамп Венесуэлада құрлықтағы әскери операцияның жүргізілу мүмкіндігін жоққа шығармады

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп Венесуэлаға қатысты әрекет етудің еш нұсқасын, соның ішінде құрлықтағы әскери операцияның жүргізілуін жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемені Ақ үйде тілшілердің сұрақтарына жауап беру кезінде жасады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Трамп
Фото: Anadolu Ajansi https://kaz.inform.kz/preview/dc7d635f-8959-48cf-aef7-0afdeb69a794/

Тілшінің «қазіргі уақытта осыған қатысты қандай да бір мәселені, соның ішінде құрлық әскерлерін пайдалануды жоққа шығаруға дайынсыз ба» деген сұрағына Трамп: «Мен ештеңені жоққа шығармаймын, бізге тек Венесуэла мәселесін шешу керек», - деп жауап берді.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Боливариан Республикасының көшбасшысы Николас Мадуроны биліктен тайдыру үшін Венесуэлада әскери операция жүргізудің үш мүмкін нұсқасын қарастырып отырғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ АҚШ Венесуэла маңындағы әскери-теңіз базасын жаңғыртып жатқанын жаздық. 

Сұхбат кезінде Мадуроның қазіргі қызметінен жақын арада кете ме деген сұраққа Трамп: «Мен иә деп айтар едім. Мен солай деп ойлаймын, иә», - деп жауап берді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі қазан айының соңында «Джеральд Р.Форд» ең ірі ұшақ  тасымалдағыш кемесі Кариб теңізіне бет алғанын жариялады. 

АҚШ қорғаныс ведомствосының мәлімдемесінде ұшақ тасымалдаушы «трансұлттық қылмыстық ұйымдарды жою және есірткі терроризміне қарсы тұру жөніндегі президенттің бастамасын қолдау үшін» жіберіліп жатқанын мәлімдеді.

Қараша айында АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы кемелері Кариб теңізіне енді. 

Жексенбі күні кешке Трамп Венесуэла президентімен келіссөз жүргізуі мүмкін екенін мәлімдеді

Сондай-ақ АҚШ Трамп әкімшілігі Венесуэла президенті басқарады деп мәлімдеген «Картель де лос Солесті» шетелдік лаңкестік ұйым деп тануды көздеп отырғаны хабарланды

Соңғы жаңалықтар