Трамп Жаңа жылды Сильвестр Сталлони және өзге 800 қонақпен бірге қарсы алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 2017 жылды өзінің Флоридадағы резиденциясында 800-ден астам қонақпен бірге қарсы алады, деп хабарлады жұма күні The Hill.
None
None

Олардың арасында киноактер Сильвестр Сталлони және  музыкалық продюсер Куинси Джонс бар.

"Мар-а-Лаго" резиденциясында қонақтарға алдымен коктейл, содан кейін мерекелік ас ұсыну жоспарланып отыр, соңынан - би.

Трамппен бірге Жаңа жылды оның зайыбы Мелания және кіші ұлы Баррон қарсы алатын болады. 

Соңғы жаңалықтар