Трамп: жасанды түсік жасағаны үшін әйелдерді емес, дәрігерлерді жазалау керек

Атап айтқанда, Трамп жасанды түсік жасатуға тыйым салу немесе заңдастыру туралы шешімдерді федералдық билік емес, жекелеген штаттардың билігі қабылдау тиіс екенін мәлімдеді. Бұл ретте ол жалпы алғанда АҚШ-та жасанды түсік жасатуға тыйым салу идеясын қолдайтынын айтқан болатын.
Бұдан басқа, Трамп жасанды түсік жасатуға тыйым салу жағдайында оны жасату үшін кімнің қылмыстық жазаға тартылуы тиіс екені жөнінде пікірін өзгертті. Бастапқыда ол осындай қадамға барған әйелдердің өздерін жазалау керек екенін айтса, енді астыртын жасанды отаны жасауға келіскен дәрігерлерді жауапқа тарту керек екенін алға тартып отыр.
Трамп бұған дейінгі пікірін MSBNC телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Ол кезде президенттікке үміткер ел аумағында жасанды түсік жасатуға тыйым салуды қолдайтынын мәлім еткен еді, деп жазады Би-би-си.