Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамплиннен секіруден Құрлықаралық кубок: Ткаченко ТОП-20 енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан Құрлықаралық кубокта үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Трамплиннен секіруден Құрлықаралық кубок: Ткаченко ТОП-20 енді

Бірінші жарыс күнінде отандасымыз ең үздік көрсеткішке (137,5 метрге) секіріп, екі мүмкіндік қорытындысы бойынша 249,8 метр нәтижемен 9-орынға тұрақтады. Екінші күні Сергей Ткаченко 231,4 ұпай жинап, жарысты 16-орынмен аяқтады.

Құрлықаралық кубок кезеңінің жеңімпазы аустриялық Мануэль Феттнер болды. «Күміс» словениялық Бор Павловчичтің еншісінде кетті. Үздік үштікті Аустрияның тағы бір өкілі Штефан Хубер түйіндеді.