Трамппен телефон арқылы сөйлескен Зеленский АҚШ президентіне алғысын білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Владимир Зеленский мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazinform Украина президентінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Трамппен телефон арқылы сөйлескен Зеленский АҚШ президентіне алғысын білдірді
Фото: Ukrainian Presidency/ abaca/ picture alliance

Зеленский Трамппен әңгіменің нәтижелі болғанын атап өтті. Тараптар Украина мен АҚШ-тың ұстанымдарын талқылады. 

– Біз Америка Құрама Штаттарының Президентіне адал және тұрақты бейбітшілік пен барлық күш-жігері үшін алғыс айтамыз, - деп жазды ол. 

Сонымен қатар Зеленский мен Трамп НАТО-мен өзара іс-қимыл, сондай-ақ қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің кездесуі өтуі тиіс екенін мәлімдеген болатын.