Трамптың жеңісі Израильге Батыс жағалаудағы «егемендігін кеңейтуге» мүмкіндік береді – Израиль қаржы министрі

АСТАНА.KAZINFORM — Израиль қаржы министрі Бецалель Смотрич дүйсенбі күні Израиль 2025 жылы басып алынған Батыс жағалаудағы егемендігін ұзартады деп үміттенетінін айтты. Ол Ақүйдің жаңа әкімшілігі дайындық жұмыстарын қазірдің өзінде жүргізіп жатқанын, Израильге елді мекендерді аннексиялауды жалғастыруға рұқсат беруі мүмкін екенін айтты.

Израиль қаржы министрі
Фото: Yonatan Sindel/Flash90

— Дональд Трамптың АҚШ-тың келесі президенті болып сайлануы Израильге Батыс жағалаудағы еврей елді мекендерін аннексиялауды жалғастыруға мүмкіндік береді, — деп келтіреді The Times of Israel Бецалель Смотрич сөзін. 

Кнессеттегі «Діни сионизм» партиясы фракциясының апта сайынғы отырысы алдында баспасөзге берген сұхбатында Смотрич Трамптың қазіргі президент Джо Байденді жеңгенін құптады. Айтуынша, оның әкімшілігі «өкінішке орай Израиль демократиясына араласуға шешім қабылдап, онымен жеке жұмыс жасамаған».

Министр Трамп әкімшілігі Израильдің егемендікке деген ұмтылысын мойындайды деп үміттенетінін айтты.

— 2025 жыл Құдайдың қалауымен Иудея мен Самариядағы егемендік жылы болады. Бірінші мерзімде өз шешімдерінде батылдық пен табандылық танытқан президент Трамп бұл қадамда Израиль мемлекетін қолдайтынына күмәнім жоқ, — деп қосты Смотрич.

Бецалель Смотрич — қаржы министрі, сонымен бірге Премьер-Министр Биньямин Нетаньяхумен коалициялық келісім аясында Қорғаныс министрінің қоныстанушыларды қадағалау функциясын атқарады.

Израильдің Сыртқы істер министрі шешім әлі қабылданбағанымен, бұл мәселе Вашингтондағы АҚШ-тың болашақ Әкімшілігімен келіссөздерде көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.

Ал, атақты Голливуд актері Том Хэнкс республикашыл Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралуы өзі үшін трагедия екенін айтып, АҚШ-тан кетіп қалды.

 

Соңғы жаңалықтар