Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трампты сахнада сөз сөйлеп тұрған жерінен алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трампты қауіпсіздік қызметкерлері Невада штатының Рено қаласындағы сайлаушылар алдында сөз сөйлеу барысында сахнадан алып кетті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Трампты сахнада сөз сөйлеп тұрған жерінен алып кетті

Агенттердің қандай да бір қауіпті байқағаны әзірге хабарланған жоқ. Алайда бірнеше минуттан соң Трамп көпшілік алдына қайта шықты.

«Біздің қызметіміз жеңіл болмайды, мен қауіпсіздік қызметіне алғыс білдіремін», - деді үміткер.