Трамптың балалары АҚШ әкімшілігіне жұмысқа орналасуды жоспарламайды
АСТАНА. ҚазАқпарат. АҚШ-тың жаңа тағайындалған президенті Дональд Трамптың қызы Иванка «60 минут» бағдарламасында әкесінің әкімшілігінің бір мүшесі болу өз жоспарына кірмейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Gazeta.ru газетінің Daily Mail-ге сілтеме жасап жазуынша, «60 минут» бағдарламасында сауалдарға жауап берген бұрынғы модель «әкесінің қызы» болып қалғысы келетінін атап айтты. Иванка әйелдер құқығын қорғау ісінде «үлкен әсер» алғанын жеткізді, «алайда бұл әкімшілік өкілі ретінде емес» екенін аңғартты.
«Мен әкемнің қызы болып қалғым келеді. Алайда науқан барысында айтып өткенімдей, мені кейбір проблемалар қатты толғандырады: теңдік, балалардың күтімі - бұл дүниелер мен үшін өте маңызды», - деп мәлімдеді ол.
Трамптың басқа балалары да әкелерінің болашақ әкімшілігінің мүшелері болмайтындарын растап берді. Бұның орнына олар Нью-Йоркте қалып, отбасылық автивтерді басқаруды жалғастыруды жоспарлауда.
Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның қызы Челси АҚШ конгресі өкілдері палатасының мүшесі болуды жоспарлауда.