Трамптың инаугурациясында «Минута славы» бағдарламасының қатысушысы ән айтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Классикалық кроссовер жанрында ән шырқайтын 16 жастағы Джеки Иванко АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың 20 қаңтарда өтетін инаугурациясында Америка әнұранын шырқауға келісім берді.

Трамптың инаугурациясында «Минута славы» бағдарламасының қатысушысы ән айтады

Бұл туралы әнші NBC телеарнасының Today Show бағдарламасында айтқан.

«Мен өте қуаныштымын. Бұл керемет болады», - деді Джеки. Жас әнші бұның алдында іс-шараларда АҚШ Президенті Барак Обама үшін екі рет ән айтқан еді. Сондай-ақ, ол Трамп қатысқан қайырымдылық шарада өнер көрсеткен, деп хабарлайды Лента.ру. 2012 жылы Джеки (толық есімі Жаклин Мари) Санкт-Петербордың Сарай алаңында симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Дмитрий Хворостовскиймен және Суми Йомен ән айтқан болатын.